Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 03 қараша, 21:24

Қызылордада шенеуніктер жөнделген жолды тағы жөндеуге 1,7 млрд жұмсамақ болған

09.11.2023

405

0

 Қызылорда қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде бұрын соңды орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды.

Қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Атап айтқанда, 2020 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы» Бұйрықтың 4.1. тармағына сәйкес автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзімі 6-9 жылды құрайды.  

Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды»,  делінген Қызылорда облысы прокуратурасының таратқан хабарламасында. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылған..

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: