Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 16:23

Қызылордада сұйытылған мұнай-газ мәселесі назарда тұр

09.09.2022

307

0

Қызылорда облысы үшін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 60 теңгені құрайды. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендерде 65 теңгеден босатылуда. Өңірдегі сұйытылған мұнай-газ көлемінің бүгінгі ахуалы туралы ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

«Қызылорда облысында 20 кәсіпкерлік субъектісі сұйытылған мұнай-газды сатумен айналысады. Облысқа сұйытылған мұнай-газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізуге арналған жоспарға сәйкес тамыз айына 7 351 тонна сұйытылған мұнай-газ бөлінді. Сонымен қатар, тамыз айына «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нен қосымша 234тонна бөлінді. Қыркүйек айында «Атырау «НПЗ» мен «СНПС Ақтөбеймұнайгаз» ЖШС-терінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жалпы республика бойынша бөлінетін сұйытылған мұнай-газ көлемі қысқартылды. Қазіргі уақытта «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нен бекітілген кесте бойынша сұйытылған мұнай-газ жеткізілуде. «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ЖШС-нен газ жеткізу уақыты 5-6 күнді құрайды, – деді облыстық энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ералыұлы.

Айта кетейік, тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС мен «Автогаз Трейд» ЖШС-терінің автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газының тапшылығы орын алып, шектеулер енгізілген болатын. Қазіргі таңда барлық шектеулер алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: