Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Сенбі, 01 қазан, 22:54

Қызылордада суға түсу маусымы жабылды

09.09.2022

23

0

Қызылорда облысында су айдындарында суға түсу маусымы жабылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.

«Бүгінгі күні өңірімізде күзгі мезгілдің келуіне орай су айдындарында суға түсу маусымы жабылды. Осы кезеңді қорытындылайтын болсақ, биылғы жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 28 адам, оның ішінде 9 бала қаза болды. Өткен жылмен салыстырғанда 57,1 пайызға төмендеп отыр. Сонымен бірге құтқарушылар 8 адамды құтқарды, оның біреуі бала», – деді Бекболат Әбдіқадыров.

Департамент бастығының «2022 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес, көктем мезгілінен бастап бүгінге дейін су айдындарында рейдтер ұйымдастырылды. Жалпы 2245 рейд өткізіліп, 122057 адамға, оның ішінде 54210 балаға судағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды.

Сала мамандары Полиция департаментімен бірлесіп, ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 30 адамға ескерту шарасы көрілген. Аталған Кодекстің 412-бабына сәйкес бір заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының» мамандары заңсыз балық аулағаны үшін 253 жеке тұлғаға айыппұл салды.

Брифинг барысында департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Асхат Тоғызбаев тұрғындар арасында тыйым салынған жерлерде әлі де заң бұзушылықтар орын алып жатқанын жеткізді.

«Облыс су айдындарында 4 демалыс орнына, атап айтқанда «ПМК-29», «Көксу», «Ханқожа» көлі, «Қамыстыбас» көлі, 16 су айдындарына, 47 қауіпті учаскіге суға түсуге тыйым салынған. Алайда, тұрғындар сол орындарда шомылуын тоқтататын емес. Суға түсуге қауіпті учаскілерге 325 ескерту тақтайшасы мен билбордтар орнатылды», – дейді Асхат Тоғызбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: