Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-8°C

, Сейсенбі, 10 желтоқсан, 02:01

Қызылордада заңсыз 20 ойын бизнесінің жолы кесілді

10.11.2023

327

0

 Қызылорда облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 7 іс тіркелсе, 6 істің өндірісі аяқталып, сотқа жолданған. Ал, көлеңкелі экономика бағытында жедел іздестіру нәтіжесінде 21 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков мәлімдеді. 

Департамент басшысының айтуынша, осы жылдың 10 айында өндірісте 36 іс болып 14 іс – өндіріспен аяқталған. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 200 млн. теңгені құрап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары нәтижесінде 145 млн. теңге өндіріліп, залалдың өндірілу үлесі 72,5 пайызды құраған.

«Экономикалық қылмыстарды халықтың әлеуметтік жағдайынан бөліп қарауға болмайды. Экономикалық өсу мен дамуға тосқауыл болатын әрбір қылмыстық әрекеттің қоғамға және адамдарға залалы орасан. Сондай қылмыстардың бірі – заңсыз ойын бизнесімен байланысты. Заңсыз ойын ұйымдастыру бойынша соңғы 2 жылда Департамент өндірісінде 22 қылмыстық іс болып, 20 ойын орны жабылды. Барлық қылмыстық істер аяқталып, соттың шешімі шықты», – деді департамент басшысы.

Департаменттің өндірісіндегі ауқымды жұмыстардың бірі – қаржы пирамидасы мен алаяқтық. Бұл тұрғыда есептік кезеңде департамент Q-Net пирамида ұйымына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаған. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында 40 жәбірленушіге 53 млн. теңге көлемінде келтірілген залал толығымен өндіріліп, 47 млн. теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды. Сонымен қатар, департамент «Chia-Tai» қаржы пирамидасының Қызылорда қаласындағы құрылымдық бөлімшесін басқарған күдіктіні қамауға алған.

БАҚ өкілдерімен болған брифингте департамент басшысы қаржылық сауаттылық негізінде атқарылып жатқан жұмыстарды да сөз етті. Сондай-ақ, ҚМА-ның экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған арнайы телеграмм боттың іске қосылғанына ерекше тоқталды.

400233582_304266405828874_3134858695136467278_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: