Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 14:35

Сайлау – 2023: Қос ауылда жаңа әкім

25.04.2023

873

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде айтылған болатын. Бүгінде сол бастамаға сәйкес елімізде ауыл әкімдерін сайлау науқаны жүргізіліп келеді. Осы орайда жексенбі күні ауданға қарасты Аққұм және Мырзабай ахун ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау науқаны өтті.

Таң атысымен редакция ұжымы саяси науқанның өту барысын ақпараттандыру мақсатымен Аққұм ауылына атбасын бұрдық. Ауылдық клуб алдында жиналған бір топ ауыл тұрғындары сайлау учаскесінің ашылуын күтіп тұр екен, ауылда маңызды саяси науқанның лебі сезілді. Таңғы сағат 7:00-де №147 сайлау учаскесінде учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың және сенім білдірген адамдардың қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып сайлау учаскесі ресми түрде ашылды.
Ерте күн шығысымен өз таңдауымды жасай­мын деген сайлаушылардың белсен­ділігін байқаған біз тұрғындардың ауыл болашағына үлкен жауапкершілікпен қа­рай­тындығына көз жеткіздік. Жалпы, Аққұм ауылдық округі әкімінің сайлауына үш үміт­кер өз кандидатурасын ұсынған. Олар­дың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарла­ма­сымен ауыл тұрғындары бұқаралық ақ­па­рат құралдары мен газет беттері ар­қы­лы толықтай танысқан.


Сайлау учаскесі ашыла салысымен қо­ра-жайдағы шаруаларын кейінге ысы­рып, саяси науқанға қатысуға алғашқы бо­лып келген ауыл тұрғыны Зулаш Ташаева да өз таңдауын жасады.
– Бүгін ауылымыз үшін саяси маңызды күн десем болады. Ауылымыздың тыныс-тіршілігі шүкір, жақсы, ауыл азаматтарының жасап жатқан шаруаларының жайы көңіл көншітеді. Алдағы уақытта да осы алған бағытымыздан таймай, елді мекеніміз көр­кейе береді деп сенемін. Науқан әділ, бар­лық ережелерге сай өтіп жатыр. Халқы­мызға бірлік, елімізге бейбітшілік тілеймін, – деді алғашқы сайлаушы Зулаш Ташаева.
Сайлау учаскесінің төрағасы Абзал Ибраев­тың ұсынған мәліметінше, саяси нау­қанға қатысушылар саны – 1023. Қуан­тар­лығы, ауыл тұрғындары үшін әрбір аза­маттың дауысы маңызды екені және елді ме­кеннің болашағы әр тұрғынды алаң­да­та­тыны анық байқалды. Өйткені са­ғат 9.00-ге дейін 150 азамат дауыс беріп үлгерген.
Осындай белсенді азаматтардың бірі ауыл тұрғыны Көшербек Тоқмырзаев.
– Ауылымыздағы жасалып жатқан әрбір істің берекелі болатынына сенемін. Канди­даттар, олардың сайлауалды бағ­дар­ламарымен ақпараттық құралдар ар­қылы етене таныспыз. Үміткерлер сай­лау­алды бағдарламасына ауылдағы өзекті мә­се­лелерді шешуді арқау еткен екен. Енді соның барлығы алдағы 4 жылда ше­шімін табуына жұмыс жасаса болғаны. Саяси науқан әділ, ешқандай тежеусіз, жақсы көңіл-күйде өтіп жатыр. Науқанды ауыл халқы болып абыроймен өткізуге тілек­­теспін, – деп ақниетін білдірді ауыл тұрғыны.
Елді мекенде түске дейін сайлаушы­лар­дың легі бәсеңдемеді. Сайлау учаскесінің хатшысы Айдын Сәрсенбаеваның ұсынған мәліметінше, сағат түскі 12.00-ге дейін 500-ден аса сайлаушы келіп, өз таңдауын жасаған.
Жоғарыда айтып өткендей, дәл осын­дай сайлау Мырзабай ахун ауылдық округінде де өтті. Иә, қатар өткен екі саяси нау­қанның да мақсаты бір, ол ауыл әкімін сайлау. Әріптесім Ерлан Созақбаев күн шығы­сымен ахун атындағы ауылға бағыт алды.
Мұнда да ауылдағы №122 орта мек­тепте орналасқан №146 сайлау учаскесі сағат 7.00-де заңды талаптарға сәйкес ашылды. Жалпы, мырзабайлықтардың саяси белсенділігі өте жоғары. Иә, мектеп ал­дына жиналған халықтың басты әңгімесі «Кім көп дауыс жинап, ауыл тізгінін қолға алады?».
Ауыл ақсақалы Кендірбай Адамбаев алғашқылардың бірі болып сайлау учас­кесіне келіп, өтіп жатқан саяси науқанға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
– Ауылда маңызды саяси нау­қан өтіп жатыр. Менде таңғы шәйімді ішіп, дауыс беруге келіп қалдым. Шүкір, ауы­лы­мызда біраз шаруалар жүзеге асып жатыр, жастардың еңбек етуге деген құл­шынысы да жаман емес. Ең бастысы, ауылдың ауыз­біршілігі бекем, сондықтан бірлік болса, тірлік те өнетінін жақсы білеміз. Ауыл болашағын айқындайтын науқанда ауыл­дастарымды белсенділік танытуға шақырамын, – дейді ауыл ақсақалы.
Ауыл ақсақалымен қатар Қазына Нұрыл­­даева есімді ақжаулықты анамыз да өзінің таңдауын жасауға ертелетіп келіпті. Ауыл анасы осында өтетін барлық іс-шараларға қатысып, елді мекен тыныс-тіршілігіне бел­сене араласуды құп көреді. «Жастарға үлгі, өнеге болу, біздің басты міндетіміз» дейді ақжаулықты ана.
Алғашқы болып келген ауыл тұрғында­рына сайлау учаскесінің тара­пынан сыйлық беріліп, алғыс көрсетілді.
Сайлау учаскесінің төрайымы Нұра­таева Гауһардың мәліметінше, жалпы тір­­келген сайлаушылардың саны 668 аза­мат, сағат 9.00-ге дейін 200-ден аса ауыл аза­маты дауыс беріп үлгерген. Ауыл­дағы тұр­ғын­дардың бұл саяси науқанның маңыз­ды­лығын түсінгендігі соншалық кешке дейін сай­лаушылардың басым көп­шілігі дауыс берген. Бұл дегеніңіз халықтың саяси сауаттылығы жоғары екенін анық байқатады.
Қос ауылдағы сайлаудың қорытын­ды­сына тоқталсақ… Аудандық сайлау комис­сиясының мәліметінше, Аққұм сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміндегі 1023 адамның 815-і дауыс берген. Ауыл әкіміне үміткер А.Асанбековке 639, Н.Костанбаев 98, С.Шынжыровқа 76 сайлаушы өз дауыс­­тарын берді. Дауыс беру нәтиже­сімен Аққұм ауылдық округінің әкімі болып Алтынбек Асанбеков сайланды.
Ал Мырзабай ахун ауылдық окру­гіне келетін болсақ, елді мекендегі сайлау­шы­лар тізіміндегі 668 адамның 516-і өз таң­дауын жасаған. Сайлауға түскен үміт­кер Ж.Әб­саттаровқа 56, Н.Мәлікке 64, Г.Тауып­баевқа 395 азамат дауыс берді.
Сайлау нәтижесімен Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі болып сол ауылдың тумасы Галым Тауыпбаев сайланды.
Иә, осындай саяси рефор­ма­лардың нәтижесінде әкімдердің жергілікті басқару өкілеттігі нығая түсті. Сондай-ақ елді мекен тұрғындарының да ауыл әкіміне деген сенімі де артып, ауыл ауызбіршілігі одан да бетер нығая түсті. Әрине бұлай болары да заңдылық. Ертемен тұрып елдің қамын күйттеген көптің ортақ тілегі бір, ол елді мекеннің одан әрі гүлдене түсуі.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: