Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 13 қазан, 14:52

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

18.01.2024

155

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комисиясының отырысы өткізілді. Аталған комиссия төрағасы Қайрат Досымов төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы «Өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы» тармағының орындалуы туралы Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан хабарлама жасады.

2023 жылдың 12 айында Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17 млрд 433 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 144,4 пайызға орындалды. Бюджет қаражаты есебінен 7 млрд 083,7 млн теңге және меншікті қаражат есебінен 10 млрд 349,3 млн теңгеге орындалған.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2023 жылдың 12 айында 31 млрд. 912 млн. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалып отыр.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан 198 жоба 4737,9 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Ұлттық жоба бағдарламасының несие пайызының бір бөлігін субсидиялау және кепілді қамтамасыз ету бағыттары бойынша 22 жоба 1647,7 млн теңгеге қаржыландырылды.

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында қамтылған кәсіпкерлік бағыттағы шаралардың 2024 жылға орындамай қалу қаупі бар шаралар жоқ. Қазіргі күні аудан төңірегінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар қабылданып, жоспарлар бекітілді. Тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады – деді бөлім басшысы Еспенбет Жасұлан.

Күн тәртібіне қойылған қосымша мәселелер бойынша Партиялық бақылау комисиясының төрағасы Қайрат Досымов комиссия жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып өтті.
Бүгінгі отырыста хабарлашыларға сұрақтар қойылып, халыққа берілген уәделердің орындалуы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Аталған ұсыныстардың орындалуы партия назарында болады.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: