Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:43

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

23.11.2023

265

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті. Аталған отырысқа фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық жасап, күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Жалағаш ауданы бойынша «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының орындалу барысы туралы мәселесі қаралды. Сонымен қатар, аталған отырысқа Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Елеусінов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі аталған мәселе бойынша аудан әкімі Ардақ Ибраимов хабарлама жасап, бағдарламаның орындалуы төңірегінде айтып шықты.

Қызылорда облысы бойынша сайлауалды бағдарламаны іске асырудың арнайы Жол картасында Жалағаш ауданына қатысты 47 іс-шара қамтылған. Есепті мерзімде Жол картадағы 47 іс-шараның 29-ы орындалса, 1 іс-шараның мерзімі бар, ал қалған 17-сі орындалу үстінде.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында да ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында жобаға қатысатын үміткерлердің құжаттары жинақталып, 14 жоба 105,6 млн. теңгеге қаржыландырылды. Бұдан бөлек, 144,1 млн. теңгені құрайтын 16 жоба қаржыландыруға ұсынылды.

«Жер аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсаты бойынша пайдаланбаған (игермеген) тұлғалар анықталып, олардың иелігіндегі 34000 гектар жер учаскесін қайтару жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүріп жатыр.

Газдандыру бағыты бойынша Жалағаш кентіндегі 2740 тұрғын үй және 19 әлеуметтік, 119 кәсіпкерлік нысаны орталықтандырылған газ желісіне қосылған Бұл аудан халқының 38,2 пайызын құрайды.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен Ақсу және М.Шәменов елді мекендеріне газ желісін тарту жұмыстарын бастауға тиісті қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары басталды. Алдағы жылдары ауылдық елдімекендердің алғашқы легі көгілдір отынның игілігін көретін болады.

Бүгінгі күнге дейін жасалған жұмыстар аз емес. Алайда, алдымызда әлі де атқарылатын ауқымды міндеттер тұр. Әрине, бұл бағыттағы шаралар, тиісті жұмыстар кезең – кезеңімен жүзеге асырылатын болады – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттық фракция мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, сайлауалды бағдарламаны толық орындау мақсатында ұсыныстар берілді.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: