Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:53

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы ел сенімін нығайтады

08.11.2023

196

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізіліп, «AMANAT» партиясының Жалағаш ауданы бойынша «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының орындалу барысы туралы мәселесі қаралды. Аталған күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов хабарлама жасап, Жол картада қамтылған әрбір тармақ бойынша хабарлама жасады. Аталған отырысқа Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық жасап, аудандық партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және аудандық бөлім басшылары қатысты.

Жол карта 47 іс-шарадан тұрады. 2023 жылдың 9 айында 47 іс-шараның 29-і немесе 61,7 пайызы толықтай орындалды, 1 іс-шараның (2,1 пайызы) мерзімі бар, 17-і (36,2 пайызы) орындалу үстінде.

Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов Жол картадағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша айтып шығып, депутаттар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова сайлауалды бағдарламаның орындалуы аясында барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарлар туралы айтып өтті.
Фракция отырысына қатысушылар берілген уәделердің орындалуы аясында әрбір жауапты бөлім басшыларына сауалдар қойып, сайлауалды бағдарламаның толыққанды іске асуы бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: