Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 13 қараша, 10:02

Сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

17.10.2022

420

0

Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында сала қызметкерлерін қабылдады. Мерекелік жиынға келген ерекше мамандық иелеріне қалтқысыз қызметтері үшін лайықты түрде құрмет көрсетілді.

Кез келген саланың өзіне тән ерекшелігі мен қиындығы болады. Ал осы орман шаруашылығы саласының еңбегі елеусіз қалуға тиісті емес. Өйткені бұл маман иелерінің жұмысы табиғатпен тығыз байланысты. Күн-түн демей, жаздың аптабына, қыстың қытымыр аязына да қарамай қоғам алдындағы жауапкершіліктерін арқалап жүреді.

– «Орманшы – табиғатқа қорғаншы» десек, жаңылмаймыз. Табиғатты қалай болса, солай пайдалану оның тепе-теңдігін бұзып, экологиялық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Сол үшін мемлекеттің баға жетпес байлығы – табиғатты қорғап, көгалдандыруда орманшының алар орны бөлек.

Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, ауданның экологиялық ахуалын жақсартып, көгалдандыру мақсатында еңбек етіп келесіздер. Сыр елінің табиғатын, орманды сақтап, қорғау үшін әрі қарай да аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенім білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толайым табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін! – деді аудан басшысы сала қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Мұнан соң бірқатар сала ардагері мен қызметкерлері аудан әкімінің алғысымен марапатталды.

Сала ардагері Айтбай Шегебаев орман шаруашылығы саласының барлық ардагерлері атынан әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтап, аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Иә, расымен орманшы болу оңай емес. Табиғатты көздің қарашығындай сақтау, тосын апаттардан қорғау және әрбір түп талдың бой алып кетуіне, аң-құстың амандығына кепілдік болу да көптің қолынан келе бермейтін іс. Осы орайда ауданда 769,5 мың гектар орман қорын күтіп-баптау бағытында 56 жұмысшы қызмет етуде. Олардың тынымсыз еңбегінің арқасында ауданның орманмен қамтылған жерлердің аумағы биыл 255 мың гектарға артып отыр.

Атап өту керек, Қызылорда облысының елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймақ құрудың 2021-2025 жылдарға арналған Өңіраралық жоспарына сәйкес биылғы жылы Жалағаш ауданы елді мекендерінде 4649 дана (1,86 га) ағаштарды отырғызу көзделген. Оның ішінде Сыр талы  3000 дана, Терек  1000 дана, Қараағаш  649 дана. Осы жылы көктемгі көркейту-көгалдандыру екі айлығының барысында 4649 ағаш (1,86 га) отырғызылған. Оның ішінде Сыр талы 1899 дана, Терек 1370 дана, Қараағаш 1380 дана.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: