Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік аймақтарда – қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, елдің солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа-райы күтіледі.
Республикамыз басым бөлігінде жел күшейеді, тұман болады, солтүстік облыста көктайғақ, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!