Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:08

Көкжөтел дегеніміз не?

24.07.2024

167

0

Көкжөтел  – тыныс алу жүйесінің қауіпті жұқпалы ауруы,  ол әсіресе булықпа жөтелінің пайда болуымен байқалады.

Қоздырғыштың берілуі  ауруды жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшылы жолымен болады. Науқас симптомдарының алғашқы күндерінен бастап және ауырып қалғаннан кейін 30 тәулік бойы инфекцияны таратуға қабілетті.

Аналық антиденелерден туындаған туа біткен иммунитет дамымайды. Науқаспен байланыста болған кезде вакцинацияланбаған адамды жұқтыру ықтималдығы 90% құрайды. 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға екпе егу бір мезгілде тиісінше 5-6 аурудан: дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және В гепатитінен қорғайтын құрамында АбКДС бар бес және алты компонентті құрама вакциналарды қолдана отырып жүргізіледі. Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 2 айдан бастап 1 ай аралығымен 3 екпе, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жаста, екінші ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.

Көкжөтелге қарсы вакцина ойлап табылғанға дейін бұл ауру балалар арасындағы өлім-жітім бойынша бірінші орында болды. Вакцина кеңінен қолданылғаннан кейін (1960 жылдардың басында) көкжөтелден болатын балалар өлімі 45 еседен астам қысқарды. Сонымен қатар, әлемде және қазіргі уақытта балалар осы инфекциядан өлуді жалғастыруда. Бірақ статистика айтқандай – басым көпшілігі вакцинацияланбаған балалар.

Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда!

Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы

Г.Айымбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: