Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сейсенбі, 19 наурыз, 11:17

Тәуелсіз Қазақстан қуатты мемлекетте айналады

26.11.2022

375

0

Өткен жексенбідегі саяси науқанда Қазақстан Президентін сайлаған едік. Енді міне, араға алты күн салып, салтанатты ұлықтау рәсімі өтіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы халық алдында ант беруде. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан Президенті ретінде салтанатты ұлтықтау рәсімін телеарнадан онлайн тамашаладық.

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырысымен Мемлекет басшысы ел алдында ант берді. 

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін.

Иә барша отандастың алдында Қасым-Жомарт Кемелұлы осылай деді және қалың жұрт оның қай кезде болсын дәл осы талап-тілектен, сенім үдесінен шығатынына сенеді. Бұл сөзімізге оның кешегі саяси науқанда елдің басым дауысына ие болуы тұздық болары анық. 

Ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтардан бөлек өзіміздің аймақтан да арнайы делегация барды, оның құрамында қоғам қайраткерлері, ардагерлер, әр саланың басшылары мен мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың, партиялардың өкілдері, Сыр жастары бар.

Ұлықтау рәсімінде ант берген Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Үндеу жасады. Ол тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау баршамызға міндет екенін жеткізіп, алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкінекенін де жасырмады. Алайда Президент айтқандай, ынтымақ, бірлікте болсақ, мұндай кедергілерді де оңай еңсереміз. Ел сенімін арқалаған, антына адал Президенті бар тәуелсіз Қазақстанның қуатты мемлекетте айналдарына халық сенеді. 

Садық Әлиев,

Жалағаш аудандық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: