Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 09:03

Теориялық емтиханды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері де қабылдайды

30.10.2023

363

0

Енді мамандандырылған ХҚКО-да теориялық емтиханды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді. Енді емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерін Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын еді.

Бұл жаңашылдық «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚКО-ларда тұтынушылардың сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдарның жиі түсуімен байланысты. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Осылайшатестілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де артады.

Бұл ретте бұрын теориялық тестілеу Жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүргізілген. 16 қазаннан бастап Мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Оның арқасында жүргізуші куәлігін алу процесі ашық әрі әділ өтуде.

Теориялық емтиханды тапсыру кезінде тестілеу барысын аудио және бейнежазбаға түсіру мүмкіндігі жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Биометриялық жеке сәйкестендіру жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес те жүргізіледі.

Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация бұған дейін емтихан қабылдау бөлмелеріне бейнебақылау енгізген болатын. Бұл ретте кез келген адам күту залдарында да, онлайн режимінде де өтіп жатқан емтиханды көре алады. Көмекші құрал-жабдықтарды пайдаланып ұсталған тұтынушылар 3 айға емтихан тапсыру құқығынан айырылады.

Естеріңізге сала кетсек, емтиханнан өтпеген жағдайда келесі жұмыс күні теорияны қайта тапсыруға болады. Егер сынақты екі рет теріс нәтижемен тапсырса, қайта тапсыру тек бір айдан кем емес мерзімде жүзеге асырылады.

А.Алибаева, 

Жалағаш аудандық HR маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: