Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 29 наурыз, 15:23

Ұйымшыл ұжымның үлгілі ісі

19.03.2023

467

0

Мақпалкөл ауылындағы 142 сайлау учаскесі сағат 7.00-де ауыл ақсақалы Қаршыбек Жұмановтың ақ батасымен сайлаушылшыларға есігін айқара ашты. Алғашқы болып ауыл тұрғыны Мөлдір Әбжалиева өз таңдауын жасады. Жалпы, ауылда 986 сайлаушы тіркелген. Оның сағат 9.00-ге дейін 240-ы дауыс беріп үлгерген.

Сайлау учаскесіндегі халық санынан ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі, мақпалкөлдік ағайындар бірлік пен бейбітшіліктің қаншалықты қымбат екенін жақсы түсінетіні байқалады. Әліби Бекжанов бастаған «Ер-Әлі» шаруа қожалығының ұжымы саяси науқанда белсенділік танытып, ұжым болып өз таңдауларын жасады. Ақегіс маусымының басталып, тірліктің қызған шағында сайлауға уақыт бөліп, белсенділік танытқан ұжым елді сүйсіндірді. «Қоғамға ортақ әрбір игі істе шет қалуға болмайды» деген ауызбіршілігі жарасқан ұжым ел болашағының жарқын боларына сенеді.

– Байқаймын, халықтың қарасы қалың, белсенді. Жастар да өз таңдауын жасап, дауыс беруде. Көзбен көріп, таңдау жасап, көңілім бір серпілді. Ел болашағын айқындайтын саяси науқанға атсалысу – азаматтық парызымыз. Бір шаңырақ астында өмір сүрген соң, алабөтен ойдан аулақ болып, тілекші болумыз керек. Үміткерлердің сайлауалды бағдарламасымен де жақсы таныспын. Кімге дауыс бергенім құпия болсын. Жалпы, барлығымыздың тілегіміз елдің амандығы мен болашағының жарқын болуы ғой. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтап, сәттілік тілеймін – дейді шаруашылық төрағасы Әліби Бекжанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: