Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 10:33

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс

14.09.2023

396

0

Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі тек  біздің елде ғана емес, бүкіл әлемді толғандырып отыр. Иә,сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өркендеуіне кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан сыбайлас жемқорлық дерт ретінде кез-келген қоғам үшін күрделі мәселе болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында алғашқылары болып, 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Осы заң арқылы аталған дертпен қоғам бүгінгі күнге дейін күресуде.

Сыбайлас жемқорлық барлық салада кездесіп жатады. Жасыратыны жоқ балабақшадан бастап біздің өмірімізде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жолығып жатамыз. Әрине, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болады. Әсіресе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мемлекеттік органдардың басшылары немесе басшылардың орынбасарлары кезігіп жатады. Сондықтан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру еліміз басты міндет болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы, алдын алуы, ескерту жасауы. Осының барлығы тұтас дертпен күресетін қаруға айналады. Сондықтан әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін байқағанда алдын алу азаматтық парызы.

 Егеменді болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, тұрмысымызды түсегенімізге 30 жылдан астамастам уақыт өтті. Президент саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын жетілдіруге баса мән беріп, тиісті мамандарға қажетті іс-қимылдары жасауға ықпал да туғызды. Бұл дегеніміз ел, қоғам үшін үлкен мәселе екенін көрсетеді. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, тамырымен жою қажет. Өйткені бұл  індет – ел болашағына балта шапса, бүгінгі күнде әлеуеті жоғары елге айналу екі талай болмақ.

Жемқорлыққа қарсы күрес – тек атқарушы органдардың ғана емес, бұл тұтас қоғамның жұмысы. Сондықтан аталған дертке күрес ортақ ісіміз болып қала береді.

Түйіндей келсек, әрбір кәмелет жасқа толған, қоғамда белгілі бір жұмысы немесе қызметі бар азамат сыбайлас жемқорлық туекеліне баруға өзін тежей білуі, сондай-ақ алдын алуда белсенділік танытуы керек. Сонда ғана Қазақ елі сыбайлас жемқорлық дертінен ада болып, экономикасы дамыған, өркениетті елге айналмақ.

Гүлнұр Қасымова,

Аудандық қазынашылық басқармасының

бас маман – бас қазынашы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: