Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:29

Тәртіпке бағынған құл болмайды

30.10.2023

3528

0

Қоғамдық тәртіп әрқашан қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Қоғам әркез тәртіпке негізделіп тіршілік етеді.

Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни ол елдің келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған.

Қоғамдағы шиеліністі болдырмау, азаматтық құқыққа нұқсан келтірмеу мақсатында әкімшілік-құқықтық шаралар жүйесі жұмыс жасайды.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық тәртіпке және қоғамдық имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кождексінің 25-тарауында көрініс тапқан ерекше әкімшілік құқық бұзушылықтар тобын құрайды.

Қазіргі заманның талабына сай қалыпты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету  мемлекет қызметтерінің бірі.

Оны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, барлық мемлекеттік органдар, жауапты тұлғалар мен азаматтар қатысады. Бұл қызметтерді жүзеге асырудағы басты рөл  ішкі істер органдарына берілген. Олардың құқықтық жағдайларына сәйкес, елдегі қоғамдық тәртіпті сақтау- басты міндет.

Осы ретте даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тамаша сөзі де тақырыпқа тұздық болары сөзсіз.

Сахи Ғалым Болатбекұлы

Жалағаш аудандық сотының

бас маман- сот отырысының хатшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: