Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:11

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

11.07.2024

258

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын, осы ретте «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» партиялық жобасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді.

Басты мақсат – қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру және тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіну.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандықпартия филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Экологиялық акцияға қатысу арқылы еліміздің келешегі жастарға үлгі көрсету, еліміздің дамуына үлес қосу. Сонымен қатар, туған өлкемізді абаттандырып, таза ұстау баршамызға ортақ парыз – деді аудандық партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ.

Бүгінгі ұйымдастырылған акцияға 80-нен астам партияластар белсенділікпен қатысты. Жалағаш кентіне қарасты саябақты тазарту жұмыстары оның ішінде, қураған талдарды шабу, талдарды бірлеу, ақтау, тазалау жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: