Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:08

Тоқаев Қазақстан тарихындағы тұңғыш жасөспірімдер олимпиадасының чемпионын құттықтады

21.01.2024

216

0

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысының тілегін оның баспасөз хатшысы Берік Уәли жеткізді.

«Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі», – делінген Берік Уәлидің Facebook-тағы жазбасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: