Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сәрсенбі, 26 қараша, 19:05

Тұрғындар тілегі – партия назарында!

26.11.2025

1

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы  

Өмірзақ Тұрымбетұлы Елеусінов партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген:М.Шәменов ауылдық мәдениет үйінің басшысы Г.Мырзалиева ауыл клубына қажетті құрал-жабдықтарға байланысты бюджеттік өтінім тапсырылғанын айтып, аудандық мәслихат депутаты ретінде қолдау сұрады.

Мәдениет және өнерді дамыту орталығының суретші-безендірушісі О.Қанибай аудан орталығынан суретшілер галерея ашу жөнінде ниетін білдіріп, кеңес алды.

 Филиал төрағасы көтерілген ұсыныс, өтініштерді мұқият тыңдап, заң аясында қаралатынын және тиісті органдармен бірлесіп шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

AMANAT – халықпен бірге!  

Әр азаматтың пікірі мен талабы – басты назарда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: