Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 15 қараша, 05:15

Тұрмыстағы өрт айтып келмейді

23.07.2024

190

0

         Адам өмірін және дүние мүлікті өрттен сақтау әрбір азаматтың абыройлы борышы. Әсіресе бұның өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарға тұрғын үй коммуналды шаруашылығына үй басқармаларымен ведомствалық ұйымдар қызметкерлеріне тікелей қатысы бар. Азаматтар күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін білмейді міне, сондықтан да өрттің шығуына бұрынғысынша, отқа салдыр-салақ қарау, түрлі қыздырғыштармен тұрмыстық химия заттарын ұқыпты пайдаланбау, телевизорлар мен газ плиталарын пайдалану тәртібін бұзу, үйге балаларды оңаша қалдыру себепші болады. Балалар өз еріктері өздеріне тиген соң отпен ойнағанды қызық көреді. Телевизорды іске қосады. Қазіргі заманғы пәтерлерде тұрмыстық электр және газ жабдықтары, мебелдер басқа да жиһаздар баршылық екені мәлім. Ал бұлардың барлығы дерлік тез жанады. Өрт – тілсіз жау, аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтануға болады. Ол үшін Әр адам, Әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын естен шығармаулары қажет. Осындай жағдайларды болдырмау үшін мекеме басшылары бөлінген адамдардың өртке қарсы ережелерімен толық танысуын және арнаулы бұйрықпен бекітілуін қамтамасыз етуі керек. Бұл өрттердің негізгі шығу себептері көбінесе, үй иесінің өртеген қоқырсықтарды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осы жайды қанша біліп, естіп жүрсекте назардан тыс қалдырамыз. Үйіңізде, қайғы қасірет болмасын десеңіз өртке абай болыңыз.

       Өрт  болған    жағдайда  01- телефонына  хабарласыңыз.

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің

инженері азаматтық қорғау  лейтенанты

Е. Сабырбай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: