Сұрақ: Бұл күндері біз өз өмірімізді ұялы телефонсыз елестете алмаймыз. Өндірушілер күн сайын жаңа өнімдерді жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон сатып алу көптеген адамдардың арманы, оны жүзеге асыру үшін кейбіреулер тіпті банктен несие алуға дайын. Алайда, егер алынған телефон сынып қалса, ондай жағдайда не істеу керек?
Жауап: Тұтынушылар аталған келеңсіздікті жою үшін сауда орталығына барып, сынған ұялы телефонды басқасына ауыстыруға немесе ақаулы тауарды кері қайтаруға тырысады, бірақ сатушылар тауарды қайта алудан бас тартады. Сатушылар заң талаптарын орындауға асықпайды.
Мұның бәрі тұтынушылар көбіне сауда жасаған кезде сатып алынған растайтын құжаттардың алмауынан болады. Чектерді де, кепілдік талондарын да алмайды. Егер тұтынушы қолына құжаттарды алмаса, өз – өзіне проблема тауып алады. Чекте, ең алдымен сатушының барлық деректемелері көрсетіледі, телефон сынып қалған жағдайда оны тауып алу да қиындық тудырмайды. Екіншіден чек – бұл сіз телефонда дәл сол сауда нүктесінен сатып алғандығыңыздың дәлелі. Кепілдік талоны – ол да сатып алғандығыңызды дәлелдейтін құжат. Осы жерде сатып алушы мұқият болуы керек, талонда мөр басылғанын, бар болса қандай мөр екенін тексеріп алуы қажет.
Егер құрылғы істен шығып қалса, ол құжаттар сізге ауадай қажет болады. Әрине, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, егер қажетті чек пен кепілдік талоны жоғалып қалса, тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу үшін тұтынушы куәгерлерді тартуына болады. Дегенмен чек пен кепілді талонды сақтап қою әлдеқайда оңай.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес сатып алушы сынған телефонды соның жұмыс істеп тұрған баламасына ауыстырып беруді талап ете алады. Сонымен қатар, телефонның ақаулы екенін және де сіз оны құлатып не суға түсіріп алмағаныңызды да дәлелдеу керек. Сараптамаларды сервис орталықтары мен арнайы аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Егер телефон ақаулығында сатып алушының кінәсі жоқ екендігі анықталса, онда сатушы телефонды ауыстыру немесе ақшасын қайтару бойынша сатып алушының талаптарын орындайды. Егер сараптама қорытындылары күмән туғызса, онда өз есебіңізден басқа сервис орталығының көмегімен телефонның техникалық жағдайына тәуелсіз бағалау жүргізе аласыз. Ал тұтынушының қолында сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттары болса, онда оның сотта жеңіп шығу мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Қызылорда облысы бойынша сауда және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
Защита прав потребителей
Вопрос: В наши дни представить жизнь свою без сотового телефона мы попросту не можем. А производители чуть ли не каждый день рекламируют новинки. Купить новый современный телефон – мечта многих людей, и для ее осуществления некоторые готовы даже взять кредит в банке. И чем печальнее, когда этот телефон ломается, что делать в этом случае?
Ответ: Потребители поначалу сами стараются урегулировать конфликт, пытаются обменять в торговой точке телефон на работающий, или вернуть бракованный товар обратно. Однако продавцы не торопятся выполнять требования закона.
И все потому, что зачастую покупатели не берут подтверждающие покупку документы. Ни чеков, ни гарантийных талонов. Когда потребитель не получает на руки документы, он сам создает себе проблемы. В чеке, во-первых, указаны все реквизиты продавца, и найти его в случае поломки телефона просто. А во-вторых, чек –эта доказательство, что вы купили телефон именно в этой торговой точке. Гарантийный талон – это тоже документ, и он тоже подтверждает покупку.
Документы могут вам очень сильно пригодиться, если устройство выйдет из строя. Конечно, согласно действующему закону «О защите прав потребителей» покупатель имеет право воспользоваться и показаниями свидетелей, чтобы доказать факт приобретения товара, если необходимые чек и талоны потеряны. Но все гораздо проще и разумнее сохранить товарный чек и гарантийный талон.
Согласно Закона о защите прав потребителей, покупатель имеет право потребовать заменить неисправный телефон на аналогичный работающий экземпляр. Кстати, неисправность телефона еще надо доказать. Как и то, что вы его сами не утопили и не уронили. Проводят экспертизы сервис центры и специальные аккредитованные организации. Если выясняется, что вины покупателя в неисправности телефона нет, то продавец выполняет требования покупателя по замене телефона и возврату денежных средств. Если результаты экспертизы вызывают сомнения, то можно получить независимую оценку технического состояния телефона за свой счет, обратившись в другой сервисный центр. А имея на руках результаты экспертизы и все прочие документы, шансы потребителя выиграть дело в суде существенно увеличиваются.
Депатамент Торговли и защиты прав потребителей
министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по
Кызылординской области
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!