Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:26

Ұлағатты ұстаз зейнетке шықты

06.05.2024

104

0

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады.

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Еңбек ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ұстаз, М.Байділдаев атындағы №232 орта мектебінің биология пәнінің мұғалім Сәрсенбаева Гүлсін Қоңысбайқызын құрметпен зейнеткерлік демалысына шығарып салу шарасы болып өтті.

Шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева қатысып, білікті ұстаздың білім саласын өркендету жолындағы қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін аудандық партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрмағанбетұлының алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: