Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 18 қазан, 08:41

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

20.09.2023

573

0

Мағжан Жұмабаев,
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».

Әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болады.
«АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тұжырымдамасын енгізу көзделген. Осы тұста, «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбында аудандағы ата-аналар комитетінің төрағаларымен кездесу өтті. Аталған кездесуге AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, «Дарын» БПҰ төрағасы, аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов, «Жастар Рухы» ЖҚ Жалағаш аудандық бөлімше басшысы, аудандық жастар ресурсының директоры Нұржан Амандық қатысты.

Жиынды ашқан партия филиалының Атқарушы хатшысы кездесудің негізгі мақсаты – тәрбие беру тұжымдамасын енгізу барысында ұсыныс-пікірлерді жинақтау екенін атап өтті.

Аталған басқосуда ата-анатал комитетінің өкілдері бала тәрбиесіне байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Мұнан соң аманаттықтар Мемлекет басшысының кезекті Жолдауындағы жаңа бастамалар партияға айрықша міндеттер мен үлкен жауапкершілік жүктейтініп айтып, жолдаудағы ауыл-аймақтағы тұрғындардың жағдайын арттыру бағытындағы жобалар туралы айтып өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: