Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:13

Ұлу жылы туған ұлы тұлғалар

02.01.2024

170

0

Биыл қазақтың жыл санауы бойынша Ұлу жылы. Ұлу – мүшел есебінің бесінші жылы, қоян жылынан соң, жылан жылынан бұрын келеді. Ал осы жылы дүниеге келген ұлылар туралы не білесіз?

 Бір мүшел сайын дүниеге келген кемеңгер Жер тұрғындарын ғаламшардың әр түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады.

Бұл тізімді шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям (1048) бастаса, атақты жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы Эдгар По (1810), әйгілі қаламгерлер Льюис Кэрролл (1832), Дж.Р.Толкиен (1892), Иосиф Бродский (1940), Максим Горький (1868) де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан.

Ал әлемнің жаратылысы мен тылсымына көз тіккен философтар арасынан «фашизмнің рухани атасы» Фридрих Ницше (1844), коммунизмнің «көкесі» Фридрих Энгельс (1820), Освальд Шпенглер (1880), Жан-Жак Руссо (1712), әйгілі Иммануил Кант (1724) осы жылы дүниеге келіпті.

Саясатқа қатысы барлардың арасында өжет қыз Жанна д’Арк (1412), орыс патшасы Николай II Романов (1868), Америка президенті Авраам Линкольн (1810), Эрнесто Че Гевара (1928), көрші Владимир Путин (1952), Франсуа Миттеран (1916), Эдуард Шеварднадзелерді (1928) атауға болады.

Ұлу жылы туған саясаткерлер арасында Нұрсұлтан Назарбаев (1940) та бар.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: