Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сенбі, 22 ақпан, 13:36

«Заң және тәртіп керуені» акциясы

21.02.2025

109

0

Қызылорда облысы прокуратурасының аппарат басшысы Азамат Баянбайұлы аудан тұрғындарымен «Заң және тәртіп керуені» акциясы аясында кездесу өткізді.

Кездесуді аудан әкімі Ардақ Ибраимов ашып, акцияның маңыздылығына тоқталды.

«Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беру, жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге құқықтық көмек көрсету. Бұл шара халықтың билікке деген сенімін арттырып, мәселелерді жедел шешуге, тұрғындардың негізсіз сергелдеңге түсуін және өтініштердің созбалаңға салынуын болдырмауға оң ықпал етеді», – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Өз кезегінде, Азамат Баянбайұлы:

«Бізге қойылған басты талап – азаматтардың құқықтарын қорғау, заң бұзушылықтардың алдын алу. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру белгіленген.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік кез келген қоғамның дамуы мен тұрақтылығының негізі болып табылады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылыққа да ымыраға келмеуіміз керек, өйткені ол қоғам тыныштығын бұзады. Құқық бұзушылыққа төзбеу – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. Бұл мәселелерді жою және болдырмау мемлекетіміздің одан әрі дамуына жол ашады», – деді.

Кездесуден соң Азамат Баянбайұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: