Қазақстандықтар 3,8 триллион теңгеге жуық қаржыны баспана сатып алуға және емделуге жұмсаған, деп Zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге 1,9 млн өтінішке сәйкес шамамен 3,8 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын пайдаланды.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
2021 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 453 904 өтінішін орындады. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына 3,3 трлн теңгеден аса қаржы аударды.
Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,3 млн теңге.
БЖЗҚ емделу үшін жалпы сомасы 419,3 млрд теңге болатын 477 866 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері 0,88 млн теңге.
Өтініштердің 96,5% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,5% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1% пайдаланылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!