Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 17:37

Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы партиялық бақылауда

19.10.2023

262

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған құрылыс нысанының басына «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау бекеті орналастырылған. Мақсат – нысанның уақытылы және сапалы аяқталуын сонымен қатар, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылайтын болады.
Бүгінде темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда металл бұйымдары құрастырылып, көпірді құру жұмыстары басталады. Көпірдің екі бетіне бетон құю жұмыстары біршама аяқталып, апта соңына аяқтауға жақын. Сонымен бірге, жергілікті жердің тұрғындары да құрылыс жұмыстарына тартылған.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған нысанға партиялық бақылау бекеті орналастырылды. Нысан аяқталып, халық игілігіне пайдалануға бергенше партия назарында болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: