Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 05 қараша, 10:38

Жалағашта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылады

05.04.2023

319

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өткізіліп, жастар саясатын жүзеге асыруда өзекті деген 4 мәселе қаралды.

Қазіргі таңда ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 966 жас тіркелген. Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға 2023 жылға жергілікті бюджеттен 18 млн.теңге және жастарды дамыту мен қолдауға 4,2 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылады.

Күн тәртібіне сәйкес жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы, оның ішінде: NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы. Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың барысы. Қаракеткен және Мәдениет ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мәселелер бойынша жауапты басшылар мен ауыл әкімдері хабарлама жасады.

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов кент және ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім, мекеме басшыларына күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, NEET cанатындағы жастардың кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарынан өтуін қамтамасыз етіліп, жастарды мемлекеттік бағдарламаларға, кәсіпкерлік мақсатта өткізілетін гранттық конкурстарға қатысуын және жаңа инновациялық жобалардың үлесін арттыру бағытында жұмыстар жүргізуді, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау шараларын ұйымдастырып, жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында шаралар қабылдап, жастарға арналған несие беру туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде және елді мекендерде түсндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: