Кез келген ел азаттыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады, басқа мерекелерден айрықша қастерлейді. Сондықтан болар еліміз үшін биыл алғаш рет ұлттық мереке ретінде атап өтілетін Республика күнінің маңызы ерекше.
Бірлігі бекем, тірлігі тындырымды Жалағаш ауданында ұлттық мереке – Республика күнін жоғары сән-салтанатымен атап өтті.
Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде өткізілген салтанатты шарада аудан әкімі Асқарбек Есжанов жалағаштықтарды қасиетті мерекемен құттықтады.
Салтанатты шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосқан бірқатар азаматтар «Жалағаш ауданының Құрметті азаматы» атағымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс, аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты шарада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен шаруашылық төрағалары, күрішшілер, комбайншылар, жатка машинистері, агроном, комбайншылар, бригадирлер номинациялармен марапатталды.
Ұлттық мереке – Республика күніне орай ұйымдастырылған шарада аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!