ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев KazEnergy XV Еуразиялық форумы барысында жанар-жағармай бағасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін XV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында өткен брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда бензин бағасының алдағы болжамы қолайлы екенін атап өтті.
«Алдағы уақытта бензиннің қымбаттауына еш себеп жоқ. Айта кетсем, Қазақстанда сұраныс пен тұтыну теңгерілді, дизель отынына қажетті мұнай өнімдерінің қоры қалыптастырылды. Елде жанармай тапшылығы болжанып отырған жоқ», деп сендірді Алмасадам Сатқалиев.
Алайда министр нарықта белгілі бір тәуекелдер бар екенін де жоққа шығармады.
«Десе де импорттық жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін, бұл ішкі нарықтағы бағаларға пропорционалды әсер етеді.Қазір біз Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімдерге ерекше назар аударып отырмыз», деп қосты А.Сатқалиев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!