Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан халқымен бірге жаңа жылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысты.
«2023 жыл айтулы даталарға толы жыл болды. Елімізге белгілі тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері Қонысбек Қазантаевтың, Камал Бердәулетовтың 100 жылдығын, Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын кең көлемде, жоғары деңгейде атап өттік. Келер жылы Жалағаш ауданының 85 жылдық мерейтойын атап өтетін боламыз.
Төрімізге шыққалы тұрған Жаңа жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.
Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын!
Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
Жаңа жылдық шыршаның жағу рәсіміне қатысқан аудан тұрғындарына талантты өнерпаздар мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем әуенге бөледі.
Ауданның бас шыршасын жағу мәртебесі республикалық «Абай әлемі» олимпиадасының ІІ орын иегері, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Оңғар Нұртөре Сәндібекұлына берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!