Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:20

Жақсыбек Әбенов – «Иманқұл» мешітінің бас имамы

16.01.2024

391

0

Қызылорда облысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев ауданға арнайы келіп, мешітіміздің бас имамын тағайындады. Сондай-ақ осыған дейін аудандық «Иманқұл» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Асхат Асқарұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– Асхат Асқарұлы қызмет атқарған кезеңінде аз да болсын ауданда діни тұрақтылықтың сақталуына үлес қосты. Іскерлік және ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында және білімділігімен халыққа сапалы қызмет көрсете білді. Сонымен қатар әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету, шәкірт тәрбиелеу жұмыстарын да ұйымдастыра білді. Бүгінгі күнге дейін аудандағы діни қызметінде белсенділік танытқаны үшін өз алғысымды білдіре отырып, жаңа қызметіне сәттілік, абырой тілеймін, – деді облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы.
Ақмешіт-Сырдария мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпеновтың 2024 жылғы 11 қаңтардағы №183 бұйрығына сәйкес аудандық «Иманқұл» мешітінің бас имамы қызметіне Абенов Жақсыбек Әбиұлы та­ғайындалғанын жеткізді.
Жақсыбек Абенов 1980 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Арал қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 2002-2007 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылы «Мұхаммеди ишан» мешітінде имам болып бастаған, кейін Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылы «Мәмбетәлі ахун» мешітінде имам, Қызылорда облысы Сырдария аудандық мешітінде бас имам, Алматы қаласы Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінде наиб имам, Алматы қаласы «Сұлтан Қорған» мешітінде наиб имам, Қызылорда қаласы «Алдажар» мешітінде имам, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде бас имам, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орта­лық мешітінің бірінші наиб имамы қызметтерін абыроймен атқарған.
Дастан Құрманбаев жаңа қызметке кірісіп жатқан әріптестерінің жұмысына сәттілік тіледі.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: