Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:17

Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелері фракцияда қаралды

18.10.2023

169

0

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті. Фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева жетекшілік еткен отырыстың күн тәртібінде «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасындағы «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау» тармағының орындалу барысы мен аудан көлемінде жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылықтың алдын-алу және ювенальды полицияның атқарған жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, отырысқа Бүгінгі отырысқа арнайы «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл қатысты.


Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2023 жылдың 1 қазанына 962 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-222. Ағымдағы жылдың 1 қазанына 80 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 55 балаға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру квотасы шеңберінде жұмысқа орналастыру бойынша 4 мекемеге 6 жұмыс орындарының саны бекітілген. Қазіргі күні Жол картада көрсетілген квота толыққанды орындалды – деді бөлім басшысы Қанат Бөлембаев.


Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан көлемінде жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылықтың алдын-алу және ювенальды полицияның атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасау үшін сөз Жалағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Абдраманов Ержан хабарлама жасап, аудан көлемінде ювенальды полицияның атқарған жұмыстарымен бөлісті.


Отырыс барысында Жол картада көзделген әрбір индикаторлар мен іс-шаралардың орындалуы және балаларға қатысты кез-келген зорлық зомбылыққа қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: