Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:44

Жетпіс жасқа толады: Тоқаев туған күнін тойламайтын болды

15.05.2023

411

0

Өз туған күнінде мемлекет басшысы Қытайға мемлекеттік сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамыр күні мерейтойын атап өтпейді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Желдібайдың айтуынша, президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.

«Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Тоқаев 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Ақорданың ақпаратынша, бұл күні президенттің Қытайға мемлекеттік сапары басталады.

«Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», – деді Желдібай.

Айта кетері, 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: