Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Жұма, 29 наурыз, 13:06

Жолдау жүктеген міндеттер ауқымды

12.10.2022

230

0

Жастардың болашағына жағдай жасау дамитын елдің мақсат-мүдделерімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты басым бағыттар қарастырылған. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, ал болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту керек. Осы тұрғыда Мемлекет басшысының Жолдауында қарастырылған басым бағыттары бойынша ақпараттық-насихат топ мүшесі, «Жастар Рухы» Жастар қанатының Жалағаш аудандық бөлімше басшысы Серәлі Нарбота және партияның аудандық филиалының «Жастар» БПҰ төрағасы Нұржан Амандық насихаттау жұмыстарын жүргізді. Аталған кездесуге жастар, мемлекеттік қайтарымсыз грант алушылар, кәсіп бастауға ниетті азаматтар қатысты.


Мемлекеттің дамуына бағытталған өзгерістердің барлығынан халық хабардан болу керек. Яғни әр азамат елдің жоспарын, бағыт-бағдарын, нәтижесін білуі шарт. Мемлекетіміздің дамуы үшін жастардың белсенділігі маңызды. Президент ұсынған әр саладағы нақты жоспарлар жастардың жарқын болашағына жол ашады – Серәлі Нарбота.
Кездесуге қатысушылар Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, маңызды құжатта нақтыланған бағыт-бағдарды насихаттауға бір кісідей атсалысатындарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: