Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауын қолдау мақсатында Жалағаш аудандық оқушылар үйі мен өнер мектебінің еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Жолдау өмірдің барлық салаларына әсер етті. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері артып, 85 мың теңгені құрайды. Аталған шара еліміз бойынша 350 мың бюджетшіні қоса алғанда, 1 миллион 800 мыңға жуық азаматтың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді. Президент өзінің Жолдауын іске асыру шеңберінде елде жүргізілуі тиіс реформалардың басты мақсатын белгіледі. Бұл 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін екі есеге, 450 млрд долларға дейін ұлғайту үшін 6-7% деңгейіндегі тұрақты экономикалық өсім. Сонымен қатар, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде жаңа жылдан бастап балалардың шоттарына қаражат түсе бастайды. Мемлекет меншігіне 8 миллион гектар пайдаланылмаған немесе заңсыз берілген жер қайтарылды. Бұл шаралар алдағы жылдары өз жалғасын табатын болады – деді Гүлзат Құрманбаева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!