Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сейсенбі, 29 шiлде, 23:43

Аяқсудан тапшылық жоқ

29.07.2025

22

0

Егіншілікті атакәсіп еткен Сыр елі шаруалары дария суына тәуелді. Сондықтан егін егуде су үнемдеу технологияларын енгізу – бүгінгі күннің қажеттілігі. Осы орайда аяқсу мәселесін шешу мақсатында Үкімет, жергілікті билік пен диқандар бірлесіп, бірқатар жобаны қолға алған.

Соның ішінде Су ресурстары және ирригация министрлігі тамшы­ла­тып және жаңбырлатып суару жүйе­леріне көшу үшін барлық жағ­дайды жасап отыр. Лазерлік те­гістеу сияқты технологияларға ерек­ше на­зар аударылады, бұл әдіс суар­малы суды 30 пайызға дейін үнем­деуге мүмкіндік береді. Мысалы, ла­зерлік тегістеуіш сатып алуға суб­сидиялар егіс алқабы кемінде 200 гектар болатын шаруашылықтарға ғана төленетін талапты алып тас­та­ған. Осындай жұмыс арқылы елдің ауыл шаруашылығында бұл техно­логияны 100 пайызға қолда­нуға қол жеткізу жоспарланған.

Былтыр 55 мың гектар күріш ал­қабын лазермен тегістеудің арқа­сында аймақта 200 млн текше метр су үнемделген. Бұл алқаптардағы ор­таша өнімділік гектарына 40-55 цент­нерден 70-80 центнерге дейін өсті. Сондай-ақ егіс алқаптарына су беруді жақсарту үшін облыста бар­лығы 324 агрегат орнатылған. Қазіргі уақытта облыс бойынша барлық егіс алқабының 98 пайызы кезекпен суарылуда.
Вегетация кезеңі басталғалы бері «Қазсушардың» Қызылорда фи­­лиалы диқандармен суармалы су беру бойынша 1015 келісім-шарт жа­сас­қан. Бүгінде өңірде 120,2 мың гек­тар жер суарылды, ал су алу 2,766 млрд текше метрді құрайды.

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов аудандағы егіс алқап­та­рының жай-күйін, егінді сумен қам­­та­масыз ету жұмыстарын жеке ба­қы­лауына алған. Көктемде су тап­шылығына бай­ла­нысты аудан әкі­мінің өкімімен ар­найы штаб құрылды. Қазіргі таңда сумен қамтамасыз ету мәселесі қа­таң бақылауға алынып, егінге қа­жет­ті су көлемі кезектілік тәр­ті­бімен берілуде.

Аудан бойынша биыл 37 149 гек­тарға ауыл шаруашылығы дақыл­­да­ры егілді. Оның ішінде негізгі да­қыл күріштің көлемі 19 764 гектар­ды құрайды. Шаруашылықтар тара­пы­­нан егінді күтіп-баптауға қа­жет­ті 10 400 тонна минералдық ты­ңайт­қыш пен 22 300 литр гербицид алы­нып, егінге уақытылы берілуде. Диқандар «Жалағашсушар» өнді­ріс­тік учаскесімен су жеткізіп беру қыз­метіне келісім-шартқа отырған. Ал 461 гектар күріш дақылы қашыртқы суын қайта пайдалану арқылы насос қондырғыларымен суландырылуда.

Бүгінде аудан шаруашылық құ­ры­лымдары 29 дана насос қон­дыр­ғысын қосып, егінді сумен қам­та­масыз етуде.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: