Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментіөңіріміздегі тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз алуына әрдайым жағдай жасай отырып, ақпараттық жүйелер арқылы қызметтердің сапасына қашықтықтан бақылау жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және тәртібін бұзу, толық құжатсыз қызмет көрсету, дәлелсіз бас тарту секілді фактілер анықталған жағдайда, Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданып отырады.
Мәселен, биылғы жылдың сәуір айында Қорғаныс министрлігіне қарасты аумақтық мекемелермен және үйлестіруші жергілікті атқарушы органдармен тиісті ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмыстары нәтижесінде қала әкімдігі тарапынан Қызылорда қаласының екі бірдей тұрғынына «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды.
Осы орайда, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Департамент тарапынан шұғыл ден қою шаралары қабылданды.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 сәуірінде қала тұрғыны Б.Ө.-нің өтініші бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің оң нәтижесі ұсынылды.
Өз кезегінде, қала әкімдігімен азамат Т.Б.-ға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қайта өтініш беру сұралды.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары Департаменттің негізгі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.
Егер Сіздің мемлекеттік қызмет алуда құқықтарыңыз бұзылған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс 1. Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.
Марат Айтхожа
Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!