Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 00:05

18 жастағы азамат өз таңдауын жасады

19.03.2023

307

0

Қаракеткен ауылының тұрғындары еліміздің баянды болашағы, бақытты өмірі үшін саяси науқанда бір кісідей дауыс беруде. №134 сайлау учаскесіне дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылардың арасынан ең алдымен көзімізге түскені қаракеткендік жас Данияр Есқали. Данияр бүгін 18 жасқа толып, маңызды саяси науқанда өзінің азаматтық позициясын танытып, ел болашағы үшін таңдауын жасауды жөн көріпті. Жас сайлаушы Қызылорда қаласындағы «Қызылорда Ашық» университетінде «заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алады.

– Ел болашағы – жастардың қолында деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті 1 күн демалыста оқудан арнайы дауыс беруге ауылыма келдім. Саяси науқанда белсенділік таныту мен үшін өте маңызды қадам. Бала күнімде ата-анам мені ылғи сайлауға ертіп баратын.  Сондықтан тез 18-ге толып, ата-анам секілді мен де сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасауға асығатынмын. Міне, бүгін 18 жасқа толып, саяси науқанда ауылдағы ағайындармен бірге туған жерімнің болашағы үшін таңдауымды жасадым. Әрине, қуаныштымын. Саяси шарадағы ауылдастарымның ауызбіршілігін көріп, бойымда мақтаныш сезімі оянды. Елімізде амандық, бейбітшілік болсын, – дейді Данияр Елеусінұлы.

Отбасында 3 ағайынды, Данияр – үлкені. Келешекте оқуын үздік бітіріп, туған жері үшін еңбек етуді өзіне мақсат етіп те қойыпты. 

Айта кетейік, аудан бойынша саяси шарада алғаш дауыс беретін 18 жасқа толған 155 жас сайлаушы тіркелген. Ал Қаракеткен ауылында барлығы 608 сайлаушы бар. Таңғы сағат 8.00-ге дейін 75 ауыл тұрғыны өз таңдауын жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: