Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жұма, 22 қараша, 12:53

4 сағатта 433 сайлаушы өз таңдауын жасаған

19.03.2023

324

0

Аудан іргесіндегі Ақсу ауылында да сайлауға өз таңдауын жасауға келген халық толастар емес. Бір сөзбен айтқанда, ауыл тұрғындарының белсенділігі анық байқалады.

Айта кетейік, Ақсуда барлығы 991 сайлаушы бар. Сағат 11.00-ге дейін олардың 433-і дауыс беріп үлгерді.

Көпшілікпен бірге өз таңдауын жасағандар қатарында Ұлмекен Қапанова да да бар. Ауыл тұрғыны саяси науқанда дауыс беру арқылы ауылының, ауданның, аймақтың, қалаберді еліміздің жарқын болашағын құруға өз үлесін қосқанына сенеді.

– Бүгін елмен бірге мен де өз таңдауымды жасадым. Жергілікті басылымдардан кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып шықтым. Енді алдағы уақытта соның барлығы жүзеге асып, өңіріміз өркендеп, еліміз дами берсін деймін. Сайлау жоғары деңгейде өтуде. Бұған дейінгі саяси науқанның ешқайсысынан шет қалған емеспін. Елдің болашағына алаңдайтын кез келген адам сайлауда белсенді болуы керек деп есептеймін, – дейді Ұлмекен Бақытжанқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: