Ғалымдар никотин жасөспірім миының дамуына кері әсер ететінін айтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- Есте сақтау қабілетін әлсіретеді;
- Күйзеліске бейімділікті арттырады;
- Тәуелділікке әкеп соғады.
Бұдан бөлек темекі мен вейптің денсаулыққа мынадай зияны бар:
- Жүрек-қан тамыр жүйесіне зиян, никотин тамырларды тарылтады;
- Өкпе аурулары, созылмалы жөтел, бронхит, ХОБЛ және демікпе өршиді;
- Жүктілік кезіндегі қауіп, гормон бұзылуына әкеп соғуы мүмкін;
- Иммунитет әлсірейді, темекі шегетіндер жиі ауырады;
- Кальян: зиянсыз емес, керісінше өте қауіпті.
«Кей жастар кальянды қауіпсіз деп қабылдайды. Алайда сарапшылардың айтуынша, бір рет кальян шегу – 100 темекі тартқанмен тең. Оның түтініндегі никотин, шайыр және ауыр металдардың мөлшері темекіден 3–5 есе көп болуы мүмкін», – дейді сарапшылар.
Кальянды жабық бөлмеде шеккенде, оның түтіні инфекциялық аурулар таралуына жағдай жасайды. Ал бір мүштікті бірнеше адам қолдануы – жұқпалы аурулар үшін тікелей жол.
«Кальян – ағзаны улайтын құрал ғана емес, жастарды тәуелділікке итермелейтін әлеуметтік құбылыс. Ол темекіден де қауіпті», – деді Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Роза Тәтиева.
Сарапшылардың пікірінше, адам зиян әдеттен неғұрлым ертерек бас тартса, оған қайта оралу ықтималдығы соғұрлым азаяды.
Айта кетейік, кейінгі жылдары Қазақстанда темекі шегетіндер саны 30 пайызға азайған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!