Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 22:21

Ауылдағы алғашқы қоңырау

02.09.2023

578

0

Таң атысымен мектепке асыққан балалар бүгінгі білімнің алғашқы күніне сән беріп тұрғандай. Сыртынан қарап, балалық шаққа бір сәт саяхат жасағанымыз да жасырын емес. Олардың мектепке алып ұшатындай реті бар, білімге әуес, ізденімпаз жастармен мемлекет болашағы тікелей байланысты. Аудандағы барлық мектепте өтіп жатқан салтанатты шарадан өзіміз үлкен әсер алдық, балалардың болашағы жарқын болып, ұлағатты ұстаздардың сенімі ақталсын деп тіледік.

Мөрәлі Шәменов ауылындағы білім ошағында да білімнің ал­ғашқы күніне арналған салта­натты шара жоғары деңгейде өтті. Таң атысымен Әбдірашит Бердәу­летов атындағы №34 орта мектеп алдына жиналған оқушылардың да, ата-аналардың да көңілі шат-шадман. Кенттен арнайы келген аудан әкімі Асқарбек Есжанов та ұстаздар мен ата-аналарға, оқушыларға ақжолтай тілегін айтып, мектеп табалдырығын ат­тап жатқан оқушылардың қа­да­мына сәттілік тіледі, биылғы мек­теп бітіруші түлектерге ағалық ақы­лын айтты, білім саласындағы оң өзгерістермен бөлісіп, салаға мемлекет тарапынан қолдау то­лас­тамайтынын жеткізді.


– Баршаңызды 1 қыркүйек – білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Расында ел мен елді, ұлт пен ұлтты, ұлыс пен ұлысты теңестіретін – білім. Себебі болашақтың кілті білімде, білімді ұрпақтың қо­лын­да. Олай дейтінім, әлемдік қауым­дас­тық­тағы Қазақстан өзінің тұрақ­ты орнын алуына басты се­беп те біздің білімді ұрпақ. Үш жүз­дің басын қосқан Абылай хан ба­ба­мыз «білектің заманы ке­теді, білімдінің заманы келеді» деп бекер айтқан жоқ. Дана халқы­мызда «білікті мыңды, білімді мыңды жығады» деген тәмсіл бар. Қа­зірдің өзінде келешектің кілті кемел білімде екенін біз айқын аңғардық. Себебі білімді ұрпақ – ұлтты ұйыстырудың негізгі кепілі. Біз соны ұмытпауымыз керек. Салаға мемлекет тарапынан жа­салған қолдаулардың орасан еке­нін жақсы білесіздер. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының, аймақ басшысының қолдауымен сала­дағы бірқатар мәселелер шешімін тапты. Ауданда үш ауысымдағы мектептер жоқ, апатты жағдай­дағы білім ошақтары жоқ, Оның барлығы Президентіміздің, аймақ басшысының ауданға жасаған қамқорлығының арқасы деп білеміз. Облыста 2023-2024 жыл­дары 21 жайлы мектептің құры­лысы басталады. Оның ішінде Жалағаш ауданында да 1 жайлы мектептің құрылысы алдағы жы­лы басталады. Оның өзі салаға жа­салған үлкен қамқорлық деп бі­леміз. Мектеп табалдырығын аттап жатқан балаларымыздың қа­­дамы құтты болсын, елдің бо­ла­шағы да осы балалардың қо­лында. Балаларға сапалы білім беру жолында еңбек етіп жатқан барша ұстаздардың жұмысы же­місті болсын, шәкірттеріңіз сенімді ақтап, білім бәйгелерінде қадамы сәтті болсын, – деді Асқарбек Темірбекұлы.
Айта кетейік, қоғам қайраткері атындағы білім ошағы биылғы жаңа оқу маусымын 228 оқушымен бастап отыр. Сондай-ақ 19 оқушы мектеп табалдырығын аттаса, бір оқушы үйден білім алады. Ал 11 сыныпқа өткен 9 түлек ҰБТ-ға дайындықты жаз айларында бастап кетіпті.
– Биыл 11 сыныпқа өтіп жа­тырмыз. Алдағы уақытта ұстаз­дарымның артқан сенімін ақ­тауға бар қарым-қабілетімді, жи­ған білімімді жұмсаймын және осы жолда әлі де іздене бе­ре­міз. Ұлттық бірыңғай тесті­леуге дайындықты бастап кеттік. Ал­дағы уақытта қалаған маман­дығым бойынша жоғары оқу ор­нында мемлекеттік грантпен білім алу үшін ізденісті тоқтатпауға тура келеді. Өзім биыл «Алтын бел­гіге» үміткермін. Мектебіміз жаңа, ұстаздарымыз білікті, біз­ге енді тек білім жолында көп із­де­нуге тура келеді. Бүгінгі бі­лім кү­німен барша ұстаздарды, ата-ана­ларды, оқушыларды құттық­тай­мын. Алдағы уақытта сапалы білім алып, елдің ертеңіне адал қызмет ету – баршамыздың ортақ мақ­сатымыз, – деді Жанира Тәттібай.
Иә, Ерболат Елдеев басшы­лық ететін бұл мектептің соңғы жылдары білім саласында жет­кен жетістіктері көп. Мәселен, был­тыр ауылдағы білім ошағын 9 түлек тәмамдаса, оның 8-і ҰБТ-да бақ сынаған. Алтауы мем­лекеттік грантпен еліміздегі маң­дайалды жоғары оқу орында­рында сапалы білім алуға қол жеткізсе, екеуі колледждерде мем­ле­кеттік грант­пен білім алуда. Ал 1 оқушы әскери сала бойынша білім алып жатыр. Демек, бұ­дан біз білім ошағын бітірген түлек­тердің 100 пайыз оқумен қам­тыл­ғанын аңғарамыз.
Ә.Бердаулетов атындағы №34 орта мектеп – тарихы тереңде жатқан, елге белгілі қоғам қай­рат­керлері мен өнер майтал­ман­дарын ұшыр­ған қасиетті білім ордасы. Мек­тепте білікті, тәжіри­белі маман­дар жұмыс жасайды. Ауыл мек­­те­бінде білім беру са­ласында оқу­шы­лар жан-жақты сапалы бі­лім мен саналы тәрбие алуы үшін барлық қажетті жағдай жа­сал­ған.
Асқарбек Есжа­­­нов білім оша­ғының ты­нысымен танысып, ҰБТ-да аудан абы­ройын асқақтатып, ата-ана мен ұстаздарыңыздың сенімін ақта­ңыз­дар деген тілек білдірді. Сал­танатты шарада мектептің үздік оқушылары және мектеп та­бал­дырғын жаңа аттаған бүлдір­шін­дер алғашқы қоңырау соғып, өз өнерлерін көрсетті.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: