Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:37

Білікті педагог

04.01.2024

621

0

Баланың талантын ұштап, талабын шыңдау оңай емес, әрине. Ол үшін мамандыққа деген адалдық пен еңбекқорлық қажет. Ауданда кәсіби мамандығын сәт сайын дамытып, өз ісін абыроймен атқарып жүрген мұғалімдер аз емес. Солардың бірі – Ысқақова Әйгерім. Ол өткен аптада 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауының облыстық кезеңінде үздік деп танылып, 1 035 000 теңге қаржылай сыйақыға ие болды.

Қоғам қайраткері Темірбек Жүр­генов атындағы №123 мектеп-ли­цейінің ағылшын тілі пән мұға­лімі Әйгерім Жарқынбекқызы – оқушы­лар­ға сапалы білім, саналы тәрбие бе­ру жолында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан шығармашыл, ізденім­паз, тә­лімгер ұстаз. Ол өзінің еңбек­қор­­лығымен, адамгершілігімен, жақ­сы қа­рым-қабілетімен көзге түсіп ке­ле­ді.


– Әйгерім Жарқын­бекқызының бі­лім беру саласына қосқан үлесі зор, жеткен жетістіктері көп деп біле­мін. Себебі ол – тәжірибелі, кәсіби жетіс­тігі көп маман. Соның нәтижесінде Әй­герім «Үздік педагог – 2023» рес­пуб­ли­калық байқауында үздіктер қа­та­рынан көрініп, мектебіміздің ғана емес, ауданымыздың да абы­ройын асқақ­татты. Әріптестері мен шәкірттерінің артқан сенімін ақ­тай алды. Ол – 18 жылдық еңбек өтілі бар білікті маман. Осы уақыт ішінде ұстаздық етуден жалықпай, әр сабағын қызықты етіп өткізу үшін жаңашылдық енгізіп жүретін Әйге­рімнің өзгеріске жаны құмар. Ол үнемі ізденіс үстінде жүріп, білген-түйгенін әдістемелік оқу-құралдарына жинақ­тап, түрлі байқауларда жеңіске жетіп жүр. Әйгерім мектепішілік, ау­дандық, об­лыстық семинар, конфе­рен­­ция­ларға белсене қатысып қа­на қой­май, желілік қауымдастық ая­сын­да мұғалімдермен тәжірибе ал­­­масу мақ­сатындағы жұмыстарға да ерекше ат­са­лысатын білімді ма­ман, – дейді №123 мектеп-лицейінің директоры Айнұр Мыханова.


Айнұр Сәнибайқызының сө­­зінің жаны бар. Кейіпкеріміз бү­гін­ге де­йін талай білім бәйгесінде үнемі үз­діктер қатарынан көрініп, оқ бойы озық шығып жүрген маман. Мә­се­лен, ол об­лыстық «Көптілді ұс­таз», «Ағыл­шын тілі пәнінің ең үз­дік мұ­ға­лімі», «Та­бысты мұғалім ака­де­миясы», «Үздік ав­торлық бағ­дар­ла­ма – 2021» байқау­ларынан жүл­­делі орын­дарды ие­лен­­ген.

Республикалық «Қазақстан мұғалімі – 2020» ұлттық бай­қауында арнайы дипломмен марапат­талған ол 2021 жылы дәл осы байқау­дан 1 миллион теңге грант жеңіп алып, қар­­жысына мектептегі ағылшын тілі кабинетін жабдықтаған. Рес­пуб­ли­­калық «Үздік авторлық бағдар­лама – 2022» бай­қауынан ІІІ орын және «Қазақстан педагогтарының Алтын кітабы» бай­қауында І орын иеленген Әй­герім Жар­қынбекқызының өмірбаяны, еңбек жо­лы, жетістіктері аталған кітапқа ен­ген. Еңбегі елен­ген педагог 2021-2022 жыл­дары ҚР Білім жә­не ғылым министрлігі мен облыстық білім басқармасы басшысының «Құрмет» гра­мотасымен және облыстық «Жыл таңдауы – 2022» жылды қорытындылау шарасында «Креативті ұстаз» но­минациясымен марапатталған.


Айта кетейік, Әйгерім Түркия, Торонто, Крым, Уфа қалаларының белді университеттері, халықа­ралық Білім және ғылым Академиясы ұйым­дас­тырған халықаралық конфе­рен­цияларда үздік ба­ян­дама жасап, алғыс хаттармен марапатталып жүр. Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің докторанты атана отырып, өзекті тақырыптарда ғылыми бағыттағы мақалалар жазуға бетбұрыс жасаған. Мәселен, Коксон тізіміндегі «Хабаршы», «Наука и жизнь Казахстана» ғылыми журналдарына бірнеше өзекті мақалалары жарыққа шыққан. Шәкірттері республикалық «Тіл – тұнық ой­дың кәусары» олимпиадасы мен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындар иеленіп, халықаралық «British Bulldog», «Кенгуру-лингвист» сайысында да жыл сайын алғашқы үш­тік­ті түйіндеуде.


– Үздік педагог байқауы 2012 жылдан бастап дәстүрге айналған. Былтыр жаз мезгілінде осы байқаудың ережесі туралы хат келді. Бұрынғы басшымыз Ләйлә Шөменова мен қазіргі мектеп-лицей директоры Айнұр Мыханова ұсынысы бойынша қатысуға ниет білдірдім. Соңғы 3 жылдағы өзімнің және оқушыларымның жетістіктерін жи­нақ­тап, ашық сабақ өткіздім. Терең білімі мен тынымсыз еңбегінің арқасында бірнеше әріптесім осы байқауда ерекше көзге түсті. Бұл байқаудағы жеңіс менің ғана емес, маған сенім білдіріп қолдаған іргелі білім ордамның жеңісі, жемісі деп білемін, – дейді кейіпкеріміз.


Айта кетейік, еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауының қо­ры­тын­дысы бойынша мектепке дейінгі, орта, тех­никалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогы өз мамандығы бойынша үздік атанды. Республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігін, «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыны иеленді. 2012 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан «Үздік педагог» конкурсында бүгінге дейін 624 педагог үздік деп танылып, олардың әрқайсысына мемлекеттік қолдау ретінде 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы берілген. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 ұстаз өтініш қалдырған.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: