NIS оқушылары арасында ұйымдастырылған желілік ғылыми жобалар сайысының екінші күні сәтті аяқталды. Сырбойылық зияткерлер 19 зерттеу жұмысын таныстырып, ғалымдардың оң бағасын алды.
12-сынып оқушылары Әділ Өмірзақ пен Шыңғыс Абдуллаев жасанды интеллект арқылы зағип жандарға арналған қоғамдық көлік номерін анықтау құрылғысын әзірлесе, 11-сыныптың білім алушысы Арайлым Әшірмет ауаны ластаушы қатты бөлшектерді анықтау және одан қорғануға мүмкіндік беретін «эко-дабыл» жүйесін жасап шығарды.
Сондай-ақ, қызылордалық өрендер «Көмек», «Naqyl soz» секілді мобильді қосымшалар әзірлеп, химия,физика, биология, тілтану мен өлкетану бағытындағы өзекті мәселелерді шешетін тың идеяларын ұсынды.
Айта кетейік, жыл сайығы дәстүрлі додадаға биыл 900-ден астам оқушы қатысып, 636 жоба қорғайтын болады. Қызылордалық өрендер барлығы 32 жоба ұсынып отыр. Үздік шыққан қатысушылар республикалық сайысқа жолдама алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!