Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сәрсенбі, 08 мамыр, 01:50

Ғылым сырын ашқан зияткерлер додасы

18.10.2023

284

0

NIS оқушылары арасында ұйымдастырылған желілік ғылыми жобалар сайысының екінші күні сәтті аяқталды. Сырбойылық зияткерлер 19 зерттеу жұмысын таныстырып, ғалымдардың оң бағасын алды.

12-сынып оқушылары Әділ Өмірзақ пен Шыңғыс Абдуллаев жасанды интеллект арқылы зағип жандарға арналған қоғамдық көлік номерін анықтау құрылғысын әзірлесе, 11-сыныптың білім алушысы Арайлым Әшірмет ауаны ластаушы қатты бөлшектерді анықтау және одан қорғануға мүмкіндік беретін «эко-дабыл» жүйесін жасап шығарды.

Сондай-ақ, қызылордалық өрендер «Көмек», «Naqyl soz» секілді мобильді қосымшалар әзірлеп, химия,физика,  биология, тілтану мен өлкетану  бағытындағы өзекті мәселелерді шешетін тың идеяларын ұсынды.

Айта кетейік, жыл сайығы дәстүрлі додадаға биыл 900-ден астам оқушы қатысып, 636 жоба қорғайтын болады. Қызылордалық өрендер барлығы 32 жоба ұсынып отыр. Үздік шыққан қатысушылар республикалық сайысқа жолдама алады.

WhatsApp Image 2023-10-18 at 11.23.09.jpeg
WhatsApp Image 2023-10-18 at 11.23.09 (2).jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: