Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 12:15

Еңбек ауылының тұрғындары референдумды қолдайды

01.06.2022

446

0

Еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды қадам референдум өткізуге аз уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері Смағұл Бақытбек пен Геннадий Шиповских Еңбек ауылының халқымен кездесті.

Аталмыш кездесу аясында мәжіліс депутаттары референдумның мемлекетіміз үшін өте үлкен маңызды қадам екенін, сондықтан да Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Конституция заң бойынша әрбір Қазақстан азаматы өз пікірлерін айтуға құқылы екенін заң да көрсетілгенін айтып, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін айтып өтті.Жиында референдум еліміздің болашағын айқындайтын шара екені, тарихи бетбұрысқа қадам екені айтылып, алдағы үлкен науқанға қатысуға шақырылды. Кездесуде ауыл тұрғындары бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар да болды.

Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Айтжанова Гүлжайна, Досымов Қайрат, штаб мүшесі Ахметжамиев Асхат қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: