Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 14:15

Көпті қуантқан жоба

12.08.2023

528

0

Медицина саласындағы басты мақсат Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақтың саулығын қамтамасыз ету ісіне озық технологиялар енгізу, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Бүгінде ауданымызда халық үшін ең маңызды денсаулық сақтау саласында бірқатар жобалар, ауқымды шаралар жасалуда. Әсіресе ауданымызға қарасты ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша көптің қуанышын еселейтін ауқымды істер мен жарқын жобалар қолға алынып жатыр.

Сүйіншілейтін жақсы хабардың бірі – Есет батыр ауылындағы жаңа емхана ғи­ма­ратының құрылысы. Осы орайда сей­сен­біде өңір басшысы Асқарбек Есжанов дә­рігерлік амбулаторияның іргетасын қа­лау рәсіміне қатысты.
Басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл халқының барар жері – амбулатория мә­селесінің шешімін тапқаны жұртшы­лық­тың үлкен қуанышына айналып отыр. Иә, тұрғындар қуанышында шек жоқ. Бәрі арқа-жарқа. Ауылдың мәселесіне құ­лақ асып, әлеуетінің артуына көңіл бөліп, тынбай жұмыс жасап жатқаны үшін ауыл тұр­ғын­дары аудан әкіміне алғысын жет­кізуде. Ауыл ақсақалы Сақтап Медетов ел үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
– Аламесек ауылының тұрғыны ретінде ауылымызда біраз жоба жүзеге асы­ры­лып жатыр деп сеніммен айта аламын. «Азаматтың іскерлігі ісінен мәлім» демекші, Жалағашқа Асқарбек Темір­бек­ұлы бас­шы­лық еткелі өңірдің, әсіресе ауыл­дық елді мекендердің дамуы едәуір ілге­ріледі. Шыны керек, халықтың мәселесі ескеріліп жатыр, былтырдың өзінде ауыл мектебі күрделі жөндеуден өтті, кіреберіс көшеміз тақтайдай тегіс, демеушілер есебінен ауылымызда 2 балалар ойын алаңы салынды. Бірнеше әкімнің тұсында халықтың талап-тілегіне арқау болған жол бойындағы апатты жағ­дай­дағы көпір қайта салынды. Енді міне, жаңа емхана ғимаратының құрылысы бас­­талды. Барлығыңа істеріңізге сәттілік, бір­лік-береке тілеймін, – деді ауыл ардагері Мұқан Мұратбай.
Есет батырлықтардың халық үшін әлеу­меттік маңызы жоғары жаңа нысанның игілігін көретін уақыттың да ауылы алыс емес. Өйткені «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясын­да салынып жатқан аумағы 728,4 шаршы метрді құрайтын, 20 төсек орынға арналған дәрігерлік амбулаторияның құры­лысы биыл қараша айында аяқталады.
Статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда аудан көлемінде орталық аурухана, ау­дан­дық емхана, 12 амбулатория, 2 фель­д­шерлік-акушерлік бекет және 2 медици­на­лық бекет халыққа қызмет етеді. «Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қол­жетімді денсаулық сақтау» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңіріміздің ден­сау­лық сақтау саласында медициналық қыз­метті жетілдіру, медициналық қыз­мет сапасын арттыру, халықты қолже­тімді ме­ди­цинамен қамтамасыз ету, профи­лак­тикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы меди­циналық көмекті жетілдіру, ана мен бала ден­саулығын қорғау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Мәселен ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру, ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің са­пасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламаларын әрі қарай жалғастыру, пилоттық патронаждық қыз­меттің жұмысын жандандыру, сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқа мерзімді жоспармен жұмыс жасау, емдеу-диагностикалық жұмыстарын халық­аралық стандарттарға сәйкестендіру мақ­­­сатында аудан бойынша медицина қыз­мет­керлерінің кәсіби біліктіліктерін жетіл­­діру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пай­далану, емдеу және алдын алу ұйым­­да­ры­ның материалдық-техникалық ба­за­сын ны­ғайту, аурудың алдын алу шараларын жүр­гізу, салауатты өмір салтын қалып­тастыруды насихаттау жұмыстарын жал­ғастыру, цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпарат­тандыру жүйесіне енгізу арқылы қа­ғазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру және МӘМС жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жан­дандыру жұмыстары жолға қойылған.
Медицинасы дамыған елдің болашағы жарқын, халқының дені сау, бәсекеге қабілетті болмақ. Сондықтан дамыған ел­дердің тәжірибелерін меңгеру арқылы озық елдердің қатарына енуді мақсат тұтқан еліміз соңғы жылдары денсаулық сақтау са­ласына аса мән беріп келеді. Нәтижесінде жыл сайын салада оң өзгерістер орын алып, тіпті шалғай аудандарда заманауи үл­гідегі емханалар бой көтеріп, заманауи ап­па­раттар үлестірілуде.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: