Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 11:24

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында есепті кезеңде Жалағаш ауданында 210 адам оқудан өтті.

02.04.2024

6550

0

«AMANAT» партиясы «Halyk Bank» бастамасымен жүзеге асыратын «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында Жалағаш ауданы бойынша оқу семинар жұмыстары қарқынды жүргізуде.

Ағымдағы жылдың ақпан айының бас жағында басталған оқу-семинарға Жалағаш ауданында 210 адам оқудан өтті. Семинарды қаржы сарапшысы Умарова Жанна Жамантайқызы жүргізіп, семинар оқытудан кейін жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың қаржылық мәселелеріне байланысты сауалдарына ақпарат беріп келеді.


Ағымдағы жылдың 5 ақпанында бастау алған аудан тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Жалағаш кенті орталығында екі апта, Аққұм, Таң, Еңбек ауылдарында апталық оқыту семинарлары өткізілді. Бүгінгі оқыту-семинардан дәріс алған тұрғындарға сертификаттар табысталды. Бүгін аталған оқу Қаракеткен ауылдық округінде басталды. Аталмыш оқуға Қаракеткен ауылы және Далдабай елдімекенінің тұрғындары қатысуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: