Бүгін Жалағаш ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке жалағаштықтар белсенді қатысып, күзгі тал егу жұмыстарына атсалысты.
Ағаш отырғызу шарасына аудан әкімі Асқарбек Есжанов, аудан ардагерлері, мекеме қызметкерлері мен жастар қатысты.
Жалпы, бүгін аудан көлемінде 700-ге жуық саялы ағаштар егіліп, жалағаштықтар көгалдандыру шараларында белсенділік танытты. Сонымен қатар, сенбілік барысында аудан аумағы қоқыстан тазартылды.
Сенбілікке шыққан тұрғындар осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуы тазалықты насихаттауда маңызды рөл атқаратын айтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!