1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz
Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар.
Qazaqstan.tv хабарлағандай, келесі айдан бастап 62 бағыт бойынша тариф өседі. Мәселен, стандарт вагондардың құны 6 300 теңгеден 7 500 теңгеге көтеріледі.
Ал тальго пойызына билеттер 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.
Айта кетейік, ел Үкіметі тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Бүгінде 2 600-ден астам вагонның 44%-ы әбден тозып кеткен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!